Ақтөбе орталығында тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр

Ақтөбе орталығында тоғыз қабатты үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде суреттер мен видеолар жариялап жатыр.

Ақтөбе орталығында тоғыз қабатты үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде суреттер мен видеолар жариялап жатыр.

Видеода өрттің бірнеше қабатқа көшкенін байқауға болады. 

Реклама
Реклама

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Әбілхайыр хан даңғылының бойында орналасқан үйдің үшінші қабатында шыққан. 

"Үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконында өрт шықты. Өрт туралы хабар Астана уақыты бойынша 16:03-түсті.Оқиға орнына тоғыз арнайы техникамен жеке құрамның 37 өрт сөндіруші маманы жұмылдырылды. Олар 16:17-де оқиға орнына жеткен", - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 200 адам эвакуацияланған, үш адам - құтқарылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама