Ақтөбеде 25 қабатты үйдің маңынан әйел адам өлі табылды

© instagram.com/zello.aktobe

А?т?беде 25 ?абатты ?йді? ма?ынан 33 жаста?ы ?йел ?лі табылды. Ол жо?ары ?абаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?т?бе облысты? Денсаулы? са?тау бас?армасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде 25 қабатты үйдің маңынан 33 жастағы әйел өлі табылды. Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйелдің 25 қабаттан құлап кеткені жайлы хабарлама сағат 11.35-те түскен. Бес минуттан соң сағат 11.40-та жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына барды. Бірақ, өкінішке орай, әйел алған жарақаттарынан көз жұмды. Ол жедел жәрдем келгенше қаза болды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Ерімбетова.

Оқиғаның суреті Instagram желісінде жарияланды. "Әйел 1985 жылғы", - деп нақтылады баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Ерімбетова

Реклама
Реклама

"33 жастағы әйелдің денесі табылуы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама