Ақтөбеде арнайы операция барысында екі лаңкес ұсталды

Әлібек Ақпанбаетов пен Бақыт Қуанышбаев

А?т?беде 5 маусымда?ы терактіге ?атысы бар делінген екі к?дікті ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде 5 маусымдағы терактіге қатысы бар делінген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының антитеррор орталығы терроризммен күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабтың іздеуде жүрген лаңкестер Б.Қуанышбаевты және А.Ақпанбетовты ұстағанын хабарлайды. Бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ, жарақат алған жоқ", - делінген хабарламада. 

Куәгерлердің айтуынша, арнайы операция "Москва" ауданында өткен.

Реклама
Реклама

Ал Instargam желісіндегі zello.aktobe және aktobe_zello парақшаларында ұсталғандардың суреті жария болды.

 

 

 

Осыған дейін Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылынан шығатын және ауылға кіретін барлық көлікті құқық қорғау органдары тексеріп жатқаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, елді мекеннен шығаберісте патрульдік бекет бар, бекеттегілер барлық көлікті тексеру үстінде екен. Осыған байланысты бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама