Ақтөбеде дәрігер мен науқастың арасында болған дау видеоға түсіп қалды

© zello.aktobe

Ақтөбедегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бірінде дәрігер-невролог пен науқас қыздың арасында болған дау видеоға түсіп қалып, Желіде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бірінде дәрігер-невролог пен науқас қыздың арасында болған дау видеоға түсіп қалып, Желіде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Эльмира Жетпісбаеваның айтуынша, оның сіңірі тартылып қалып, дәрігерлер жедел жәрдемді шақырған. Содан дәрігер оны жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізген. Ал қабылдау бөліміндегі дәрігер психиатр шақырамын деген. Науқас қыздың айтуынша, дәрігер онымен дөрекі сөйлесіп, қорқытқан. Камераға түсіріп жатқан кезде тіпті бетінен ұрып жіберген, сол кезде телефоны сынып қалған.

"Дәрігер қасында тұрған адамдардан ұялы телефондағы видеоны өшіріп тастауды сұрады. Сол кезде мені тағы ұрып жібермесін деп, шашынан ұстап алдым", - дейді науқас қыз.

Реклама
Реклама

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл оқиға 14 желтоқсанда Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінде болған.

"Жетпісбаева дәрігердің оны қарап, жағдайына баға беріп жатқан кезінде видеоға түсіріп жатқан. Бұл дәрігерге кедергі келтіргендіктен ол камераға түсірмеуді сұраған. Осының салдарынан науқас пен дәрігердің арасында дау шыққан. Науқасқа ауруханаға жату керектігі айтылған, бірақ ол бас тартқан.

Аурухана әкімшілігі бұл жағдаймен айналысты. Дәрігер-невролог онда небәрі 1 жыл 4 ай уақыт жұмыс істеді. Тәжірибесі болмағандықтан, науқаспен дауласып, жағдайды тыныштандыра алмаған. Дәрігер өз еркімен жұмыстан кететіні жайлы өтініш жазды", - деп хабарлады басқармадағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама