Ақтөбеде орталық базарда өрт шықты

Камила Долаева Журналист

Ақтөбеде орталық базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкіліне сілтеме жасап.

Ақтөбеде орталық базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкіліне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 9 мамырда сағат 04.30-да "Айсұлтан" сауда павильонының шатырынан өрт шығып, жану алаңы ұлғая берген. 

Өртсөндірушілер сағат 05.52-де өртті ауыздықтады. 06.28-де ол толығымен жойылды. Жалпы 1650 шаршы метр жанған. 

Реклама
Реклама


Сурет: ҚР ІІМ ТЖК

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысының ТЖД жеке құрамынан 127 адам және 20 өрт сөндіру техникасы жұмылды.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама