Ақтөбеде стадион шатыры мейрамханаға құлады

Ақтөбеде стадион шатыры мейрамханаға құлады видеодан үзінді

А?т?беде Орталы? стадионны? шатырыны? бір б?лігі ?шып кетіп мейрамхананы? жаз?ы террассасына ??лады. Ку?герлер Желіде ?атты со??ан желді? суреттері мен видеоларын ж?ктеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбеде Орталық стадионның шатырының бір бөлігі ұшып кетіп мейрамхананың жазғы террассасына құлады. Куәгерлер Желіде қатты соққан желдің суреттері мен видеоларын жүктеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12:53-те хабар түсті. Қатты соққан желден Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион шатырының бір бөлігі (34 шаршы метр) жұлынып кетті. Құлаған сәтте "Рахат" мейрамханасының жазғы терассасының терезесін қиратқан", - деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметінің мамандары. Олардың айтуынша, осы оқиғадан ешкім зардап шекпеген. 


 @aqtobelife.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қолданушылар түбірімен жұлынып кетіп, көліктердің үстіне құлаған ағаштардың суреттерін жариялап жатыр. 


@gorod_aktobe


© Instagram / gorod_aktobe

 
© Instagram / zhanara_dzhaslykova 


© Instagram / gorod_aktobe

@gorod_aktobe. 


© Instagram / gorod_aktobe

 


© Instagram / gorod_aktobe

Еске салайық, Ақтөбеде құрылыс алаңында қатты соққан желдің салдарынан екі үлкен кран құлады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама