Ақтөбедегі құрылыс нысанында 9 жұмысшы зардап шекті

Ақтөбе рельсті-бөрене зауыты Сурет "Литер" газетінен алынған

"Ақтөбеде салынып жатқан құрылыс нысанында темір құрылғылардың опырылуы салдарынан 9 жұмысшы зардап шекті" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға  "Ақтөбе рельсті-бөрене зауыты" ЖШС-сі салып жатқан "Сумен қамту стансасы" ғимаратын тұрғызу жұмыстарын жүргізу барысында орын алған. 12 маусым күні күндіз үшінші қабатта бетонды монолитті құю жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде ғимаратта темір құрылғыларының опырылуы орын алған.

Оқиға салдарынан 9 жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң олардың төртеуі үйіне қайтарылып, қалған бесеуі ауруханаға жатқызылған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама