Ақтөбелік полицей қызбен билеуге кедергі келтірген ер адамды ұрған

© e-history.kz

А?т?беде учаскелік полицей ?ызбен билеуге кедергі келтірген ?арсыласын ?рып жіберді. Ер адам со??ы салдарынан миы за?ымдан?ан ж?не бас?а да жара?аттар ал?ан, - деп хабарлайды Diapazon.kz.

Ақтөбеде учаскелік полицей қызбен билеуге кедергі келтірген қарсыласын ұрып жіберді. Ер адам соққы салдарынан миы зақымданған және басқа да жарақаттар алған, - деп хабарлайды Diapazon.kz.

Оқиға наурыздың 3-нен 4-не қараған түні болған. Іс материалдарында Темір ауданының учаскелік инспекторы 32 жастағы Айбек А. Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі кафелердің бірінде бір топ адаммен демалып отырған. Отырыстан кейін ол жанындағы үстелде отырған үш қыздардың біріне билеуді ұсынған. Қыздардың жанында отырған ер адам полицеймен жанжалдасып, артынша сыртқа шыққан.

Есіктен шыға бергенде учаскелік полицей жігіттің бетінен ұрған. Соққыдан ер адам екі аяғынан тік тұра алмай баспалдақтан құлап, айтарлықтай ауыр жарақаттар алған. 

Реклама
Реклама

Сотта полицей әдейі жарақат салмағанын және өз ісіне өкінетінін айтты. Ол қатаң жазаламауды және бас бостандығынан айырмауды сұрады, себебі ол өзімен қарсыласқан жігітке өтемақы төлеп, мәмілеге келген. 

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, бір жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама