Ақтөбелік полицейлердің жүргізуші мен жолаушыны күштеп ұстаған сәті түсірілген видео пайда болды

© Youtube

Ақтөбе тұрғындары полиция қызметкерлерінің жеңіл автомобиль жүргізушісі мен жолаушысын күштеп ұстағанын видеоға түсіріп алды. Оқиға 9 мамыр күні қаладағы базарлардың бірінің маңында болған. Tengrinews.kz тілшісіне бұл жөнінде видео авторы айтып берді.

Кадрдан форма киген бірнеше қызметкердің көлік ішінен адамдарды сүйреп шығарып жатқанын көруге болады. Болжам бойынша, жүргізуші көлікті рұқсат етілмеген жерге қойған. Ал одан автомобильді алып кетуін сұраған кезде, жүргізуші полицейлерге қарсы шығып, тәртіп сақшыларын видеоға түсіре бастайды.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысы ІІД өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлады. Дегенмен олар оқиға жөнінде ресми пікірдің кейін берілетінін жеткізді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама