Ақтөбеліктер 6 маусымда лаңкестердің көзі жойылғаны туралы видео түсірді

© Tengrinews.kz

Ақтөбе тұрғындары Tengrinews.kz редакциясына Ақтөбенің кіреберісінде түсірілген видеоны жолдады. Видеода лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операциядан кейінгі кадрлар көрінеді.

Видео авторларының айтуынша, ролик 6 маусымда таңғы 10.00-де түсіріген. "Мен балаларымды Родниковка ауылына апардым. Бұл Ақжардан шыққандағы жолда. Біз бірінші полиция көлігін көрдік, кейін көптеген автомобильді көрдік. Жолдың жиегінде лаңкес жатты", - деді куәгер.

Реклама
Реклама

Осыған дейін аурухананың бас дәрігері Рақымжан Арыстан 6 маусымда үш лаңкестің жедел медициналық көмек ауруханасына атыстан кейін түскенін айтқан еді. Айтуынша, оқиға Ақтөбе түбіндегі Родниковка ауылында болған.  

Сонымен қатар, zello.aktobe аккаунтында Родниковка маңында өтті делінген арнайы операциядан кейін түсірілген. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама