10 маусым 2022 | 19:53

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапты

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС аумағында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерімен жазатайым оқиға болды. Отқа төзімді кірпіш қалауын бөлшектеу кезінде ұста-пресс цехының № 9 жұмыс істемейтін термиялық пешінде төбе құлады. Пеш күмбезінің құлауы нәтижесінде (көлемі 5х5х10 м) үйінділердің астында бес адам қалды. Олардың төртеуі қаза болды, біреуі - 1994 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Әкімдік хабарына қарағанда, қазіргі уақытта Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары (27 адам және 7 бірлік техника) және "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС қызметкерлері (10 адам және 2 бірлік техника) үйінділерді ашып жатыр.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік басшылары бар.

ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкімімен комиссия құрылады және жазатайым оқиғаға арнайы тексеру жүргізіледі. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная