03 қараша 2022 | 09:11

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде газ шығып, 4 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: РИА Новости

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

Реклама
Реклама

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады", - деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram