25 қаңтар 2021 08:45

"АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды

Фото ©REUTERS

"АрселорМиттал Теміртаудың" еншілес компаниясы "Құрылысмет" ЖШС-да ұсталық-престеу цехында шатыр опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртаудың" еншілес компаниясы "Құрылысмет" ЖШС-да ұсталық-престеу цехында шатыр опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Теміртау ТЖБ мәліметінше, 23 қаңтарда түстен кейін № 11 жылыту пешінің үстінде жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын екі жабын плита опырылған. Апат демалыс күні болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. № 11 жылыту пешінің қосалқы алаңы мен инженерлік конструкциясы зақымданған.

Реклама
Реклама

Басылым "АрселорМиттал Теміртау" өз сайтында да, әлеуметтік желілерде де болған оқиға туралы хабардар етпегенін атап өтті, сондай-ақ комбинатта бұрын болған осындай оқиғалардың тізімін келтірді.

2018 жылғы 26 наурызда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тұрғын үй эксплуатациялық қызметі ПВС-да үшінші және төртінші қазандардың арасында 32 жабын плита опырылған. Бір адам зардап шекті.

2018 жылғы 23 сәуірде АМТ аглоөндірісінің бөлшектеу-сұрыптау фабрикасының № 4 қоймасында 2500 шаршы метр алаңда шифер шатыры опырылған. Зардап шеккендер жоқ.

2019 жылдың 23 сәуірінде бірінші конвертерде тарсыл болды. Цехтың 50 шаршы метрден астам шатыры +42 метр белгісінде деформацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram