ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2022 | 18:00
"АрселорМиттал Теміртау" зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты
"АрселорМиттал Теміртау" болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"АрселорМиттал Теміртау" болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зауыт жұмысшыларының айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ер адам конвейерге қалай түсіп кеткенін арнайы комиссия анықтайды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі бригадир қаза болғанын растады.
"Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз, салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылды, іс жүріп жатыр", - деді компания өкілі.
Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.
"Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также