16 қараша 2023 | 16:40

"Артспорт" бағдарламасы: жеткізуші қаржы жымқырған

Фото:depositphotos.com

Алматы прокурорлары Artsport бағдарламасын іске асыру барысында заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокурорлары Artsport бағдарламасын іске асыру барысында заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Artsport бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер болған.

Реклама
Реклама

"Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілер бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.

Дерек бойынша 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

"Сонымен қатар, спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді. Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. (айыппұлдар төленді)".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная