ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2019 | 13:15
Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыстағы жарылыстан кейін қала толығымен эвакуацияланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыстағы жарылыстан кейін қала толығымен эвакуацияланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"9.20-да хабарлама келді. Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудандар жұмылдырылған. Жақын жердегі елді мекендер. Қазір болып жатқан жайттар бойынша біз қаланы толығымен көшіруіміз керек екенін көріп отырмыз. Барлық бағыт бойынша колонналар қозғалады, адамдарды іріктейді, ұйымдастырылған лагерьлерге апарады. Барлық аудан әкімдері өз командаларымен лагерьлер құрып, келгендердің тізімін жасап, қонақүйге кімнің туысқандары бойынша кім екенін анықтап алуы тиіс. Әрбір лагерьді аудан әкімі басқарады", - деді Шүкеев.
Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсыған.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.
Показать комментарии
Читайте также