24 маусым 2019 11:03

Арыстағы жарылыс: Желіде видеолар тарап жатыр

Видео кадрынан

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары бірнеше жарылыс болғанын хабарлап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Олар төтенше жағдайды видеоға түсірген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары бірнеше жарылыс болғанын хабарлап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Олар төтенше жағдайды видеоға түсірген.

Роликтердің бірінде ер адам снарядтар даусы естіліп жатқанын айтады. Кадр сыртында оқ-дәрінің жарылған дыбыстары шығып жатыр.

Реклама
Реклама

Тағы бір видеоның кадрынан қалада үрей туындағаны байқалады. Тұрғындардың айтуынша, олар қаладан жаппай кетіп жатыр.

"Сынықтар, снарядтар. Бізде бардың бәрі ұшып жатыр. Бұдан қаншалықты алыс кетсек, соншалықты қауіпсіз боламыз", - деді ер адам.

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram