ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2021 | 15:42
Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды
Оқушылар арасында жаппай төбелесі болған Арыс мәдениет үйі директорына айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оқушылар арасында жаппай төбелесі болған Арыс мәдениет үйі директорына айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылдың 22 ақпанында Түркістан облысы Арыс қаласының №4 мектебі 11 сынып оқушылары арасында "Жас сарбаз-2021" әскери дайындық бойынша мектепаралық конкурс өткізгені анықталды. Іс-шара Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен.
Байқауды ұйымдастырушылар Арыс қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына іс-шара өтетіні туралы хабарлаған жоқ", - деп хабарлады комитет өкілдері.
Карантин режимін бұзғаны үшін Мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды.
"Оған ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы 1-тармағына сәйкес 230 АЕК (670 910 теңге. - ескерт.) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп толықтырды ведомствоның ресми өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жергілікті мәдениет үйінде оқушылар арасындағы төбелес түсірілген видео тарағаны хабарланған еді. Қазылар алқасы шешіміне наразы жасөспірімдер сахнада төбелес шығарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также