ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2019 | 10:02
Арысты қалпына келтірумен айналысқан "Астана-АЭК" компаниясының қызметкері қайтыс болды
Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан "Астана-АЭК" компаниясының қызметкері Арыс-Шымкент тас жолында көлік апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаза болған Ермек Тютюбеков Арыстағы жарылыстардан қираған тұрғын үйлерді жөндеуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінен жіберілген. Ол 8 тамызда жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды, Тютюбеков көлік тізгінінде отырған. Әкімдіктегілер оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Елорда билігі қайтыс болған қызметкердің туған-туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді.
Показать комментарии
Читайте также