Арыста шамамен 50 жарылыс болды

Арыста шамамен 50 шақты жарылыс болды.  Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арыста шамамен 50 шақты жарылыс болды.  Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Онда сақтаулы тұрған оқ-дәрілер бойынша, шамамен кемінде 40-50 жарылыс болды...", - деді Дандыбаев ОСК брифингінде. 

Оның айтуынша, Арыс қоймаларында зымыран-артиллериялық қару-жарақтың оқ-дәрілері, инженерлік оқ-дәрілер, оның ішінде атыс қаруының патрондары, қол гранаттары, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар, зениттік басқарылатын ракеталар, түрлі калибрлі стратегиялық жүйелердің снарядтары, пиротехникалық құралдар мен жинақтаушы элементтер сақталған.

Реклама
Реклама

"Қоймада ешқандай зиянды радиоактивті элементтер болған жоқ", - деді қорғаныс министрінің орынбасары.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама