Астан уланғандардан сальмонеллез белгісі анықталды

©Ярослав Радловский

Маңғыстау облысында астан уланған жұмысшылардан сальмонеллез белгісі анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.Бірнеше күн бұрын осы кәсіпорынның Дунга кен орнында жұмыс істейтін қызметкерлері астан уланып қалған еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмысшылар асханадан тамақ ішкеннен соң ауруханаға түсе бастаған.Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Шаяхмеден Берқалиевтің айтуынша, науқастар ауруханаға 8 ақпаннан бастап жатқызылған. 11 адам орташа ауыр жағдайда, екеуінің жағдайы қанағаттанарлық. "Біз "сальмонеллез ішек инфекциясы" деген диагноз қойдық. Науқастар қазір өздерін жақсы сезінеді, қызуы, жүрек айнуы басылған. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апта соңында барлығы үйлеріне жіберілуі мүмкін", - дейді Берқалиев. Жұмысшыларды тамақтандыруға жауапты фирмаларды бақылайтын Maersk Oil компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға байланысты дербес тексеру жүргізілетінін хабарлады. "Біз өз мердігерлеріміздің бәрінен жұмысшыларды аспен қамтитын ұйымдарға талапты күшейтуді қатаң ескертеміз", - дейді компания өкілдері.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама