Астана әуежайында жолақтан шығып кеткен ұшақтың видеосы жарияланды

Астана әуежайында жолақтан шығып кеткен ұшақтың видеосы жарияланды facebook.com/sterling.kz видеосынан алынған кадр

Facebook желісінде "Эйр Астана" ?уе компаниясы ?ша?ыны? ?шып-?ону жола?ынан шы?ып кеткен с?ті т?сірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Facebook желісінде "Эйр Астана" әуе компаниясы ұшағының ұшып-қону жолағынан шығып кеткен сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода жолаушылар отырған ұшақ жолаққа қонады, осы сәтте соққы болады, кейін соққы тағы бірнеше рет қайталанады. Видео авторы бірнеше рет "аваринная посдка" дегенді қайталайды. Сәлден соң соққылар тоқтап, ұшақ жолақпен асықпай қозғала бастайды. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Астана әуежайында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент - Астана KS352 рейсінің Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткені хабарланған. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген.

Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды. Қазір әуежай штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама