Астана маңында автобустың аударылуынан 26 адам зардап шекті

Астана маңында автобустың аударылуынан 26 адам зардап шекті ©pro-goroda.ru

Астанадан алты шақырым жерде бағытты автобустың аударылуынан 26 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"12 қараша күні сағат 09.30-да Астана - Қоянды автожолының 21-шақырымында (Астанадан 6 шақырымда) Астанаға келе жатқан № 38 бағытты автобустың жүргізушісі көктайғақта рульге ие бола алмай қалып, жолдың оң жағына ауып түсті", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.

Автобуста 70-ке жуық жолаушы болған, оның 26-сы зардап шегіп, Астананың ауруханаларына жеткізілді. Медициналық тексерістен кейін 20 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Алты адам ауруханаға жатты.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама