Астана маңында екі апта бұрын жоғалған 18 жастағы қыз әлі табылмады

Назима Вохоббойева. © facebook.com/proastana

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында 18 сәуірде нан сатып алуға шыққан 18 жастағы қыз жоғалып кетті. Полицейлер осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында 18 сәуірде нан сатып алуға шыққан 18 жастағы қыз жоғалып кетті. Полицейлер осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2000 жылы туған Назима Вохоббойеваның суреттері мен сипаттамасын әлеуметтік желіде жариялап жатыр. 

Реклама
Реклама

"Біз Жібек жолы ауылында тұрамыз. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болатын, шамамен сағат 15:30-да ол нан алуға дүкенге кетті. Осыдан кейін ол туралы хабар жоқ", - дейді жоғалған қыздың әпкесі Камила. 

Әпкесінің айтуынша, қыз бала ешкімге ескертпей ешқашан ұзақ уақытқа кетпеген, үйден қашпаған екен.  

Біз облыстық ІІД-ге және Астанаға да хабарладық. Әзірге ешқандай мәлімет жоқ", - деді Камила. 

Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі қыз баланың іздестіріліп жатқанын және іс қозғалғанын мәлімдеді. Қалған мәлімет тергеу құпиялылығына байланысты айтылмады. 

Қыздың бойы 170-175 сантиметр, арықтау келген, шашы ұзын. Көк түсті шалбар киген, үстінде ақ кеудеше болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама