Астана мен Алматы әуежайларында бірнеше рейс кешіктірілді

© Tengrinews.kz

Астана мен Алматы әуежайларында бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әуежайдағы онлайн-таблода келтірілген мәліметке сүйенсек, Астанада SCAT әуе компаниясының Ақтаудан келетін рейсі және China Southern Airlines компаниясының Үрімшіден қатынайтын рейсі кешігіп жатыр. Сонымен қатар, елорда әуежайынан Bek Air әуе компаниясының Шымкент бағытына қатынайтын ұшағы ұшпай тұр.

Ал Алматыда SCAT компаниясының Ақтаудан, Қарағанды мен Астанадан келетін рейстері кешігіп жатыр. Осы әуе тасымалының Семейден қатынайтын рейсі де кейінге қалдырылды. Алматыдан Qazaq Air әуе компаниясының Астанаға және SCAT компаниясының Семейге қатынайтын рейстері орындалмады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама