Астана мен Екібастұзда екі бала терезеден құлап кетті

Иллюстрация

Астана мен Екібаст?зда екі бала терезеден ??лап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан ІІМ ТЖК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Екібастұзда екі бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖК мәліметтері бойынша, 2 маусымда Павлодар облысы Екібастұз қаласында бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2016 жылғы бала құлап кеткен, ол ересектердің қарауынсыз қалыпты. Бала ауруханада қайтыс болды. 

Сонымен қатар, Астанада алтыншы қабаттан алты жасар бала құлап кетіп, ол да ауруханада көз жұмды.

Реклама
Реклама

ТЖК мамандарының айтуынша, барлық оқиғада балалар терезе алдына өздері шығып кетеді, олар жиһаздардың үстіне шығып, терезедегі торға сүйеніп тұрады, ақыры сол тормен бірге терезеден құлайды.

"Құлап кету оқиғаларының басым бөлігінде балалар ересектердің қарауынсыз қалған, туғандары мен туыстарының салғырттығынан терезелер жабылмаған, терезелерде құлып-тұтқалар болмаған, жиһаздар дұрыс қойылмаған, осының барлығы баланың өздігінен терезе алдына шығып кетуіне мүмкіндік жасайды, сонымен қатар, москит торынан терезе жабылып тұрғандай көрінеді", - деді мамандар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама