"Астана Операдан" адамдар шұғыл эвакуацияланды

"Астана Операдан" адамдар шұғыл эвакуацияланды

Нұр-Сұлтанда Astana Opera театрына жарылғыш зат қойылды деген ақпараттан кейін адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Astana Opera театрына жарылғыш зат қойылды деген ақпараттан кейін адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Astana Opera баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін сағат 11.45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы ақпарат түскен. 

"Барлық көрермен мен театр ұжымы ғимараттан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрылғыға сараптама жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деді баспасөз қызметі өкілдері тілшімізге. 

Реклама
Реклама

Ақпарат бойынша, театрдың қауіпсіздік қызметі ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат тауып, полицияға хабарлаған.

"Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғаушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама