Астана орталығында өрт шықты: Екі бала құтқарылды

Астана орталығында өрт шықты: Екі бала құтқарылды видеодан үзінді

Астанада "К?кшіл орамы" т?р?ын ?й кешенінде шы??ан ?рттен екі бала ??т?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада "Көкшіл орамы" тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен екі бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2017 жылы 29 қарашада сағат 10:41-де елордалық өрт сөндіру қызметіне Сарайшық көшесінің бойында орналасқан "Көкшіл орамы" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріндегі оныншы қабатта өрт шықты. Тұрмыстық киім-кешек өртенген. Өрт сөндіру барысында ТЖ мамандары екі баланы құтқарды", - деді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Өрт аумағы - 18 шаршы метр. ТЖК мәліметінше, өрт 11.12-де ауыздықталып, 11:18-де толығымен сөндірілген. 

Реклама
Реклама

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және төрт арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама