Астана орталығында алапат өрт болды

17 қыркүйекте кешкі уақытта Астанадағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан "Драфт" кафесінде өрт шықты. Кафе төрт қабаттан тұратын "Өркен" бизнес-орталығының ғимаратында орналасқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Кафенің асханасында ауа сорғышы мен сыртқы қабаты өртеніп, өрт ғимараттың төбесіне көшкен. 

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 90 адамы мен 27 дана арнайы техника жұмылды. Ешкім зардап шеккен эоқ. Алдын ала өрт шалған аумақ - 400 шаршы метр. 40 адам эвакуацияланды. Өртті жылдам сөндіру үшін ғимараттың төбесі сүрілді. Өртті сөндіруге үш орын белгіленіп, оқиға орнында өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды", - деді спикер. 

Реклама
Реклама

Бизнес орталығының территориясы қоршауға алынған. Өрттің таралуын 01.43-те тоқтату мүмкін болған. 

Фото: Комитет по чрезвычайным ситуациям/tengrinews.kz

Куәгерлердің білі Ильдар Калимуллин өрт басталған уақытты видеоға түсіріп алған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама