Астана-Қарағанды тас жолында автобустың 60 жолаушысы эвакуацияланды

© Тұрар Қазанғапов

Астана-Қарағанды тас жолында автобустың 60 жолаушысы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазанда, таңғы сағат 05.40-та "112" номеріне Астана-Қарағанды трассасында, қаладан 20 шақырым қашықтықта автобустың бұзылып қалғаны туралы хабарлама келген.

"Оқиға болған жерге 2 техника жіберілді: автобус және Камаз. Автобустың 60 жолаушысы (Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) трасса бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Автобустың Тюмень қаласынан Қырғызстанға бара жатқаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан зардап шеккен адам жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" Астанада ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Кәсіпорынның мәліметінше, 22 қазанда Астанада көктайғақ болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама