ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 маусым 2023 12:42
Астана іргесінде өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр
Астана маңындағы өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана маңындағы өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері 80 гектар аумақта қураған ағаштарды сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиациямен 149 рет су төгілген, көлемі - 447 тонна.
"20 маусымда сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары үйлеріне тарады. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 34 адам, сегіз техника жұмылдырылған", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Елорда әкімдігі еріктілермен бірлесіп, өрт сөндіруге қатысушыларға тамақ тарату ұйымдастырылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу