13 қыркүйек 2024 | 14:13

Астана тұрғыны дрифт жасағаны үшін 15 күнге қамалды

Фото:depositphotos.com

Астананың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордалық жүргізушіге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астананың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордалық жүргізушіге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші жол бөлігінде автокөлікті басқарып келе жатып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзып, қауіпті маневрлар жасаған.

Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Оның құқық бұзушылығына дәлел ретінде бейнежазба, полиция инспекторының қорытындысы және құқық бұзушының өзінің жазбаша түсініктемелері бар.

Реклама
Реклама

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сот қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін және құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, сондай-ақ тәрбиелеу және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная