ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2023 | 09:17
Астана тұрғыны сәттілікке үміт артып, Toyota Camry көлігін нөмірсіз жүргізген
Астана тұрғыны Toyota Camry көлігін мемлекеттік нөмірсіз жүргізген. Полиция оны тоқтатуға тырысқанда, ол "сәттіліктен үміттеніп" қашуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана тұрғыны Toyota Camry көлігін мемлекеттік нөмірсіз жүргізген. Полиция оны тоқтатуға тырысқанда, ол "сәттіліктен үміттеніп" қашуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға шілдеде Астана - Петропавл тасжолында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында төлем терминалында мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota Camry көлігін байқаған.
"Сол сәтте жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, көлікті жүргізуді жалғастыра берген. Бірнеше минуттан кейін тәртіп сақшылары шетелдік көліктің жүргізушісін ұстады. Полицеймен әңгімелесу барысында 28 жастағы Астана тұрғыны өз әрекетін сәттіліктен үміттеніп, жауапкершіліктен осылайша жалтаруға бел байлағанын айтты", - делінген хабарламада.
Полиция жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу")және ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі ("ҚР аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы ІІО қызметкерінің заңды талабын орындамау").
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также