Астана тұрғыны тұрақтағы көліктің капотына шығып, секірген: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астанада мас күйдегі тұрғын аулада тұрған көліктің капотына және алдыңғы әйнегіне секіріп, оны зақымдаған. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы тұрақта болған. 20 жастағы ер адам мас күйде Mazda маркалы автокөліктің үстіне секіріп, алдыңғы әйнегін сындырған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Реклама
Реклама

"Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деп хабарлады полиция.

Бұдан бөлек, ол келтірілген шығынды өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама