Астана вокзалында болған төтенше жағдайдың себебі айтылды

Астана вокзалында бол?ан т?тенше жа?дай теміржол ?оз?алысына ?сер еткен жо?. Б?л туралы "?аза?стан теміржолы" ??" А? баспас?з ?ызметіндегілер м?лімдеді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Астана вокзалында болған төтенше жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ. Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылдың 25 қаңтарында сағат 14.15-те қатты жел мен көп мөлшерде жауған қардың салдарынан Астанадағы теміржол вокзалында пойыздың үстіне көлемі 40 шаршы метр болатын бастырманың бір бөлігі құлады. "Астана-Лениногорск" пойызының № 376 вагоны бүлінген.

"Вагон мен байланыс желісі бұзылмаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - деді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Астана вокзалында пойыздың үстіне конструкция құлағаны хабарланған болатын. "Бастырма құлады. (...) Вагонға түсті. "Астана-Лениногорск" пойызы бірінші жолда тұрған", - деген еді куәгер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама