ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2022 | 17:58
Астанада 135 жол-көлік оқиғасы болған. Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
21 желтоқсанда таңертеңнен бері Астанада 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер ауа райына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсанда таңертеңнен бері Астанада 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер ауа райына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Полиция департаменті жолдарда аса сақ болуды, ауа райы жағдайының ықпалын, жауын-шашын кезінде жолдардың көріну деңгейінің төмендеуін, көктайғақ кезінде жолдың жүру бөлігінің өзгеруін ескеруді ұсынады.
"Таңертеңнен бері елордада 135 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шекті. Жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді болдырмауды, қашықтықты және бүйірлік аралықты сақтауды сұраймыз", - деп хабарлады ДП.
Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақтық қажет, деп еске салды тәртіп сақшылары. Жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде ылғалды және тайғақ жолдарда автомобильдің тоқтау қашықтығы арта түсетінін ескеру қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также