Астанада 18 жастағы теміртаулық көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті. Салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті. Салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға суреттері Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда автокөліктің екіге бөлініп қалғаны анық көрінеді.

Фото threads.com/@ilyas_dogolbayev

Реклама
Реклама

Астана Полиция департаменті Tengrinews.kz редакциясына берген мәлімет бойынша, жол апаты 24 тамызға қараған түні болған.

"Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 автокөлігін заңсыз иеленген. Ол қала ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген. Нәтижесінде үш адам зардап шеккен жол апаты болды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Көлік ұрлаған адам жарақат алмаған", – деді Полиция департаменті өкілдері.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз. Редакция қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан ресми ақпарат күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама