Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат қайтыс болды

Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат қайтыс болды Астанадағы Мұз сарайының құрылысы. ©"Барыс" ХК баспасөз қызметі

Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен тағы бір азамат алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астананың еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Қайрат Ысқақов хабарлады.

"Кеше түнде төртінші жұмысшы алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның жағдайы өте ауыр болды. Қалған екі жұмысшыға келсек, олар ауыр жарақат алды, олардың өміріне қауіп жоқ", - деді Ысқақов.

Ол барлық жұмысшының аты-жөндерінің анықталғанын айтты. Олардың барлығы Косово Республикасының азаматтары. Арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Құрамына жұмыс беруші өкілінің, еңбек ұжымы және еңбек инспекциясының мүшелері кірген комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу 10 жұмыс күні ішінде аяқталуы керек.

Реклама
Реклама

"Мен құрылыс компаниясына марқұмдарды тасымалдап, жерлеуі бойынша барлық шығынды өтеуіне тапсырма бердім. Бұл олардың заң бойынша жасауы керек істері", - деді Ысқақов.

Еске салайық, кеше Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кеткен болатын. Төтенше жағдай "Көп атқарымдық мұз сарайының" құрылыс алаңында болды, салдарынан үш монтаждаушы қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама