Астанада 21 жастағы ер адам атыс шығарып, жүргізушіге оқ жаудырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада 21 жастағы ер адам атыс шығарып, жүргізушіге оқ жаудырған Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада 21 жастағы ер адам атыс шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

Астанада 21 жастағы ер адам атыс шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қарулы ер адам жолда кетіп бара жатқан көлік жүргізушісін аң аулауға арналған мылтықпен атып, кейін қаруымен ұрған. Жараланған адам қорғану мақсатында атқышты көлігімен соққан көрінеді. Кейін күдікті оқиға орнынан ізін суытқан.

Оқ жарақатын алған адам арнайы жасақ қызметкері болып шықты. Оның жауырын және мойын тұсына оқ тиген.

Реклама
Реклама

"Болған жағдай туралы зардап шеккен адам "102" арнасы арқылы хабарлады. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару тәркіленді. Зардап шеккен адам – құқық қорғау органдарының қызметкері. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған", – деді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама