Астанада 22 жастағы қыз 12-қабаттан құлап кетті

Астанада 22 жаста?ы ?ыз 12-?абаттан ??лап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті Астана ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметі растады.

Астанада 22 жастағы қыз 12-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады.

"Қыз Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап кетті. Пәтер ішінен құлыптаулы болған. Қыздың аты-жөні анықталды. Астана тұрғыны, 1995 жылғы қыз", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері шелек пен шүберектерді тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз терезе жуып жатып құлап кеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама