Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен тағы да өрт шықты

© Амангелді Дамир

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, өрт астыңғы екінші қабатта болған.

Өрт туралы хабарлама кезекші пультіне Астана уақыты бойынша сағат 00.43-те түскен. Оқиға болған жерге барған өрт сөндірушілер минералды мақтаның өртеніп жатқанын анықтайды. Жалын 50 шаршы метр жерге жайылыпты.

Тілсіз жау сағат 01.16-да ауыздықталып, сағат 03.25-те толықтай өшірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 41 адам және 10 техника, сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК медицина және зілзала орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Реклама
Реклама


Куәгер жолдаған сурет.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама