Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен тағы өрт шықты

© Tengrinews.kz

Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" кешенінен тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, өрт төменгі екінші қабаттан шыққан.

"4 наурызда сағат 07.47-де "Әбу-Даби Плаза" кешенінің Түркістан көшесі бойындағы ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге жеткен бөлімше қызметкерлері минералды мақтаның (жылытқыш) өртеніп жатқанын анықтады", - деді Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалынды өшіруге 5 негізгі, 4 арнайы техника және 37 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 08.47-де ауыздықталып, 08.50-де толық өшірілді. "Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, оқиға орнында мамандар жұмыс істеу үстінде", - деді ТЖК-нің ресми өкілі.

Еске салайық, 13 ақпанда осы кешеннен өрт шққан болатын. Жеке құрамнан 40 адам ғимарат ішіндегі өртті сөндірді. 120 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама