18 сәуір 2018 09:37

Астанада "Абу-Даби Плаза" құрылысында шыққан өрттің мән-жайы анықталды

Видеодан алынған кадр

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" құрылысында болған өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" құрылысында болған өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері құрылыстан шыққан түтіннің өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілгенін хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жоғарғы қабаттардың сыртқы жағы өртеніп жатқан. Өрт мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді. Өрт сөндіргіш қолданылды", - деп хабарлады ТЖК өкілдер.

Астана қалалық ТЖД өкілдері де осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"17 сәуірде сағат 16.45-те "101" пультіне Сығанақ көшесі, "Абу-Даби Плаза" 14/2 мекенжайында өрт шығып жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметіндешілер 38 бен 40-қабат аралығында қабатты қоршап тұрған сырттағы материалдың өртеніп жатқанын анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы - 40 шаршы метр. Өрт сағат 16.59-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 12 адам мен 2 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінің өкілдері.

Ведомство мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр. Зарда шеккендер мен қаза болғандар жоқ.


© Tengrinews.kz


© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 2016 жылдың ақпанында Астанада "Абу-Даби Плаза" кешенінен өрт шыққан болатын. Нәтижесінде120 адам эвакуацияланған болатын. Бірақ өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram