06 наурыз 2019 | 17:51

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды

© kherson.net.ua

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар бала кезінен емделуге келмейтін генетикалық аурумен ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар бала кезінен емделуге келмейтін генетикалық аурумен ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасындағы тұңғыш ұл 2012 жылғы бала 22 ақпанда қайтыс болса, 2014 жылғы інісі 5 наурызда қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Тұңғыш ұлы туа сала ауыр дертке шалдыққан. Екі жыл бұрын өзін нашар сезінген еді, сол кезде оның таяуда қайтыс болатынын айтты. Сонда оны Кореяға апардық, емдедік. Кейіннен тұмау жұқтырып, он күндей ауруханада жатты. Бастапқыда ауруханаға жатқымыз келген жоқ, бірақ бізді жедел жәрдем қызметіндегілер мекенжай бойынша алып кетті. Ал бірақ ауруханадан шыққан соң оның қызылша жұқтырғаны анықталды", - дейді баланың туысы.

Артынша оны № 2 ауруханаға жатқызды. "Ол жақтағы дәрігерлерге шағымданбаймыз. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады. Сол жақта үлкені қайтыс болды", - дейді балалардың туысы.

Кейінірек екінші бала да ауруханаға жатқызылды. "Бізді жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырды. Онда түскенде жағдайы дұрыс еді, тамақ та ішетін, сөйлей де алатын", - дейді ол.

Осы ретте балалардың туысы дәрігерлерге шағымын білдірді. Оның айтуынша, екінші бала қайтыс болғанда дәрігерлер оның денесін ұзақ уақыт бермеген. 

"Бас дәрігер қол қоймағандықтан баланың денесін бермей отырды. Бірде-бір дәрігер келіп, жағдайымызды сұрамады. Дәрігерлерге айтар шағымымыз бар. Олар адамгершілік танытып, жағдайымызды сұраса болады ғой", - дейді ол.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар екі баланың емдеуге келмейтін генетикалық аурумен ауырғанын айтты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл дерттен адамның ішкі органдарының қызметі бұзылып, иммундық жүйесі әлсірейді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная