Астанада әйел адам өзін-өзі өртеп жіберді

Астанада 54 жаста?ы ?йел ?зін-?зі ?ртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 54 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл 13 қарашада болған. Әйел өзін-өзі өртеп жіберген соң №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Астана полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"13 қарашада шамамен сағат 12.00-де Жамбыл көшесінде болған жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

№1 қалалық аурухананың өкілдері әйелдің аса ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты. Бірақ, өкінішке орай, әйел 14 қарашада ауруханада қайтыс болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама