Астанада автобус бағдаршамды қиратты

© Самат Ысқақов

Астанада жол-көлік оқиғасы кезінде автобус бағдаршамды қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

ІІД ӘПБ хабарлауынша, бүгін таңертең, сағат 08.20-да Түркістан - Достық көшелерінің қиылысында Достық даңғылымен кетіп бара жатқан №12 маршруттың Scania маркалы автобусы мен Қонаев көшесіне бұрылмақшы болған Datsun On-Do автомобилі соқтығысып қалды. Салдарынан автобус жолдың жиегіне шығып кетіп, бағдаршамға соғылды.

ІІД ӘПБ жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автомобильдің ішіндегі екі жолаушының медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады. Автобус тұрғындарының ешқайсысы көмек сұраған жоқ.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК 610-бабы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы") бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама