Астанада автобус пойызбен соқтығысты

Астанада автобус пойызбен соқтығысты Бейне кадрлары

В Астане маршрутный автобус столкнулся с поездом на железнодорожном переезде в районе Лесозавода. Полиция наказала водителя, передаёт корреспондент Tengrinews.kz.

Астанадағы Орман зауыты (Лесозавод) ауданындағы теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысты. Полиция жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды тілшіTengrinews.kz.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 маусымда «Ивеко» маршруттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өтіп бара жатып, келе жатқан локомотивке жол бермеген.

«Соққы салдарынан маршруттық автобус инерциямен Hyundai автокөлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі («Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.

Енді автобус жүргізушісі 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай үстіміздегі жылдың наурыз айында Алматы облысында болған еді. Ол кезде Боралдайдағы теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысқан болатынпоезд пен автобус соқтығысты. Жол апатының салдарынан түрлі жарақат алған алты адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кейін полиция оқиғадан үш адамның зардап шеккенін нақтылады. Автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама