Астанада автобус ұшыраған жол апатынан 11 жастағы бала қайтыс болды

Куәгер жолдаған сурет

Астанада?ы Абылай хан да??ылы мен Пушкин к?шелеріні? ?иылысында бол?ан жол апатына ?атысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте шамамен сағат 10.00-де Тoyota-RAV-4 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып Пушкин көшесіне өтер кезде Кенесары көшесімен келе жатқан автобуспен соғысып қалған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Тoyota-RAV-4 көлігінің жолаушысы 2006 жылғы бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Автобустың үш жолаушысы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, олардың екеуі дәрігердің тексерісінен кейін үйлеріне қайтарылды. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама