ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 тамыз 2015 21:37
Астанада автобус жүргізушісі мен жолаушының төбелесі видеоға түсірілді
Астанада автобус жүргізушісі мен жолаушының төбелесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Автордың жазған сипаттамасына қарағанда бір әйел сәбиімен аялдамада түскісі келген, алайда автобус жүргізушісі орнынан ерте қозғалып кетіп, оларды есікке қыстыра жаздаған. Жолаушылардың бірі жүргізушінің бұл ісіне шағымданады. Бұдан кейін ер адамдар далаға шығып, ерегес басталады. Оларды кондуктор мен куәгерлер ажыратпақ болады. Ролик авторы оқиғаның 15 тамызда 34 бағытындағы автобуста болғанын хабарлап отыр.
Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу