Астанада автобуспен соғысқан Lexus аударылып қалды

Астанада жол ?иылысында т?р?ан жолаушылар автобусымен со?ыс?ан Lexus аударылып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада жол қиылысында тұрған жолаушылар автобусымен соғысқан Lexus аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 10:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған.  

"Lexus жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылының бойымен келе жатып, Керей және Жәнібек хандар көшесіне жеткен тұста бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетіп, Renault маркалы көлікке соғысқан. Содан кейін Lexus ұшып кетіп, қиылыста тұрған қалалық автобусқа соғысқан", - дейді Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбаева. 

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан Renault көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оны қарап шығып, үйіне жіберді. Жол-көлік оқиғасына қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама